Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.
Еуразия арнасының "Пендеміз ғой" бағдарламасында инстаграмда жалаңаштанып жұлдыз болған блогерлер жайлы болды.
Инстаграм жұлдызы болған Карина Сұлтанова: "Қарағандының тумасымын, үйдің ерке қызымын. Ата-анам бар. Жігітім бар, ол менің сырт бейнеме қарамайды, ішкі дүниемді жақсы көреді. Қазір жасым 19-да, 22-ге дейін осындай жалаңаш суретімді салуды азайтамын. Жұрттың ашуына тиген ұнайды. Іш киімдермен қоса, киімдерге жарнама жасаймын. Аптасына 3 жарнамаға түсемін. Пост жасау 10 мың теңге" деп айтты.