Бойжеткен қыздар арасында өткен додада қазақстандық боксшылар жалпыесептiк 3-орынды иелендi. Ал жастар құрамасы барлығынан да көп жүлде алып, жалпы есепте бiрiншi орын алды. Екi құраманы да Аяғабек Ерiк жаттықтырады.
Әйелдер арасындағы жарыста да қазақстандық құраманың мысы басым болды. Шәмiл Сайфуллин жаттықтыратын қыздарымыз жалпы есепте бiрiншi орынға шықты.
Осылайша, Қазақстан делегациясы бiр қола және бiр алтын кубок, сондай-ақ бас жүлде - IV Ұлт Кубогiн жеңiп алды.