Қазақ қызы мен қытай жігітінің үйлену тойын Қытай телеарналары жарыса көрсетіп жатыр

Соңынан қалыңдық қазақша, ал қазақы тақия киіп алған күйеу жігіт қытайша сұхбат берген, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы. 

Бейнекөріністерге қарағанда той иесі қытайдағы қандастарымыздың бірі сияқты. Бұл оқиғаны Қытай телеарналары жарыса насихаттап жатыр. Мұны әлеуметтік желіден көрген қазақтар көрші елдің жымысқы саясатын бірден ұқты. Мұны онсыз да жұтылып кетудің аз-ақ алдында тұрған сырттағы қандастарымызға төнген тағы бір қауіп деп қабылдаса, енді бірі бұл Қазақстандағы қазақ қыздарына қыз таппай жүрген ханзулардың бетін бұру деп бағалады.