Қазақ қызымен жүрген түрікті тырқыратып қуған жігіттің видеосы желіде таралды

Бұл бейнероликті Фейсбукке Жәнібек Иманмәзір есімді қолданушы салған, деп хабарлайды Caravan.kz.

"Түнгі сағат бір жарым шамасында мына түркиялық азаматтың саябақта жалғыз отырған қазақ қызды жұқалап әкетіп бара жатқан жерінен ұстадым.
Мына видионы ерінбей таратып жіберіңіздер. Бар Қазақ көрсін. Үлгі алсын. 
P.s: Қыздарының арын қорғамаған жұрт өзін де қорғай алмайды. Осы сөзді есте ұстайық, ағайын! " деп жазыпты Ж.Иманмәзір.

Әлеуметтік желідегі қазақтар бұл жігіттің әрекетіне риза болып жатыр.