Американың белгілі драматургы Дональд Кобурнның әлем театрларында көп қойылған, актерлік ойындарға ерекше мүмкіндік ашатын бұл драмасы қазақ сахнасында алғаш рет қойылып отыр. Оны қазақша аударған және театр сахнасында сахналаған қоюшы-режиссер, Қазақстаннның еңбек сіңірген қайраткері Ермек Аманшаев. Режиссері - Алма Кәкішева, композиторы - Ақтоты Райымқұлова.
Оқиға желісі қарттар үйінде өтеді. Әрқайсысының өзіндік тағдыр тауқыметі бір басына жетіп-артыларлық басты екі кейіпкер, «төтенше жағдайдың жалғыз емі - джин» деп бос уақытында картаны ермек қылады. Онда джин ойынынан алдына жан салмаған Веллер Мартин Фонсия Дорсидан оңбай ұтылады. Бір емес бірнеше рет ұтылған оның бойын қызғаныш оты кернеп, Веллер Фонсия айтқандай, «айналасына зәрін шашып, тағдырға нала айтады».
Ф. Дорсидің рөлін Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Қымбат Тілеуова, ал В.Мартинді Қазақстаның халық әртістері Төлеубек Аралбай, Құман Тастанбеков пен Бауыржан Қаптағай сомдады.