Қазақ сарбаздары танк биатлонынан әлем чемпионатында үздік үштікке ілікті

Біздің сарбаздар жылда Ресей даласында өтетін додаға әбден үйреніп алған сынды. Қазақстан құрамасы сайыс басталғалы Сербия, Үндістан, Армениядан келген қарсыластарын маңына да жуытпай, алдыңғы шепте келеді. Жерлестеріміз  бұл жолы суда, ой-шұңқырда шебер өнер көрсетіп  үшінші орынға  ие болды. Ал Ресей құрамасына  бірінші, қытайлық танкшілерге екінші орын бұйырды. «Алабино» полигонында өтіп жатқан  әлемдік танк биатлонының ақтық сайысы ертең өтеді.   

Loading...