Баспасөз қызметінің мәліметтері бойынша, қазақ-өзбек шекарасында 7 ақпанда (Жуантөбе шегара күзетінің учаскесінде) Өзбекстанның жеті азаматы ұсталды.
"Олар Өзбекстаннан келіп, шекарадан заңсыз өткен", - деп хабарлады баспасөз қызметі.
Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, бүгінгі күні шекарадан заңсыз өткен өзбек азаматтарына қатысты жағдай анықталып жатыр.
Сонымен қатар, шекара қызметінің мәліметтері бойынша, 7 ақпанда Қазақ -Қырғыз шекарасында "Сыпатай батыр" күзетінің шекара жасақшылары шекарадан заңсыз өтпекші болған Қырғызстан азаматы құрықталды.
Баспасөз қызметі хабарлағанындай, ұсталған азаматты тексеру кезінде оның қалтасынан 99 мың теңге және 15 900 қырғыз сомы көлемінде ақша табылды.