Қазақ соқырлар қоғамында дау-дамай өршіп барады - республикалық басылымдарға шолу

***

«Айқын» газетінің жазуынша, қазіргі кезде ер адамдардың денсаулығы мемлекет тарабынан алаңдаушылық тудыратын үлкен проблемаға айналып отыр. Осыған байланысты дәрігерлер еркектердің денсаулығына мемлекет тарабынан көңіл бөлу, бедеулікке қарсы шаралар жасау керектігін айтып, дабыл қағуда. Мәселен, «Жарбосынов атындағы ғылыми урология орталығы» АҚ бас директоры Мырзакәрім Алшынбаевтың айтуынша, тексерілген 24 мың ер адамның тек 30 пайызы бала жасауға жарамсыз болып шыққан. Медициналық тексеру барысында еркектердің 50-60 пайызы әр деңгейдегі эректильді дисфункциямен, 30 пайызы белсіздікпен ауыратыны анықталған. Алайда олардың 8 пайызы ғана дәрігерге қаралған, қалғандары жүрексініп немесе ұялып жүре берген. Мақала «Белсіздік пен бедеулік, одан құтылатын жол бар ма?» деген тақырыппен берілген.

***

«Қазақ соқырлар қоғамында дау-дамай өршіп барады», деп жазады «Время» газеті бүгінгі санындағы «Война вслепую» деген тақырыптағы мақалада. Басылымның атап өтуінше, оппоненттер Қазақ соқырлар қоғамының президенті Байболат Әубәкіровті тау баурайындағы көзжанарлары бойынша мүгедектерге арналған демалыс үйлерін айдаладағы үйлерге айырбастап жіберді әрі тек өзінің бас пайдасы үшін ғана деп кінәлап отыр.

«Время» газетінің жазуынша, Қазақстанның Велоспорт федерациясы велошабандоз Александр Винокуров пен Александр Колобневқа қатысты Халықаралық велесипедшілер одағының (UCI) тексеруін жіті қадағалауда. «Тексерудің өтуі айтарлықтай оқиға емес. Өйткені үлкен спортта мұндай жағдайлар күн сайын орын алып жатады. Біз UCI-мен тығыз байланыста жұмыс істеудеміз әрі оның шешімін күтетін боламыз. Біз кез келген жағдайда да Халықаралық велесипедшілер одағының барлық құқықтық нормалары мен регламенттерін қатаң сақтайтындығымызды баса айтқым келеді», - деді ҚР Велоспорт федерациясының вице-президенті Аллен Шайжүнісов.

***

«Қазақстанға ресми сапармен Беларусь Республикасының Премьер-министрі Михаил Мясникович келді. Кеше онымен ҚР Үкімет басшысы Серік Ахметов кездесті, одан кейін олар қазақстан - беларусь бизнес форумына қатысты», - деп жазады «Казахстанская правда» газеті. Басылымның атап өтуінше, күннің алғашқы жартысында Үкімет үйінде өткен келіссөздер нәтижесінде бірқатар ынтымақтастық құжатына қол қойылған. «Біздердің арамыздағы тауар айналымы шамамен 800 млн. долларды құрайды. Ал елдеріміздің зор әлеуеті үшін, әрине, бұл жеткіліксіз. Сондықтан да екі елдің де үкіметтеріне таяу уақытта тауар айналымын миллиардқа, жеткізу және одан әрі оны екі, тіпті үш есе ұлғайту міндеті қойылды», - депті С.Ахметов баспасөз мәслихаты барысында.