Бүгінгі жиынға танымал велошабандоз Александр Винокуров та арнайы келіпті. Қазақ спортын кеңінен жарнамалауды Майкл Пейн, Пенни Браун сияқты әлемнің маңдайалды мамандары қолға алғанын айта кетейік. Олар құрамына ұлттық командалармен бірге танымал спортшыларды біріктірген «Астана» президенттік спорт клубын әлемдегі теңдессіз танымал жобаға айналдыруға бар күш-жігерлерін жұмсамақ. Хоккей, футбол клубтарымен қатар, «Астана Арланс» жігіттері, «Қазақстан барысының» палуандарын да бүкіл әлемге жарнамалаумен айналысу енді осы мамандардың мойнында.
Бақтияр Артаев, «Астана» президенттік клубының президенті:
–Ең бірінші «Астана» деген ол бренд, Астана –еліміздің астанасы. Әр бейнероликтерді ортақтандырып, бүкіл клубқа бір ролик жасасақ, бірақ оның ішінде Астананың керемет ғимараттарын көрсете білсек, онда біз қаламызда да, спортшыларымызды да танымал етеміз деген ойдамыз.