Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (10-0, 6 KO) бұрынғы әлем чемпионы франциялық Хассан Ндам Нжикаммен (38-5, 21 КО) жекпе-жекке қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Vesti.kz-ға сілтеме жасап.
Бұл жекпе-жек Top Rank промоутерлік компаниясы 5 қарашада Лас-Вегаста ұйымдастыратын бокс кешінде өтеді.
"Мен өзгелерден ерекпін және мұны бәрі біледі. Менің стилім басқа. Қазақ стилі - әлемнің ең үздігі. 5 қарашада мұны көрсетемін", - деп жазды Жәнібек Twitter-де.
Loading...
Әлімханұлы үшін бұл биылғы екінші жекпе-жек болады. Маусымда ол Лас-Вегаста әлемнің бұрынғы чемпионы америкалық Роб Брантты мерзімінен бұрын жеңген еді