Қазақ тележурналистикасының тарланы қазір облыстық арнада хабар жүргізеді

Көшпелі сұхбат түрінде жүргізілетін бұл хабарға елімізге танымал тұлғалар мен түрлі салада жетістікке жеткен, еліне еңбегі сіңген жандар тартылуда, деп хабарлайды Caravan.kz тілшісі. Бағдарламаның аңдатпа ролигінде Нұртілеу Иманғалиұлы "Мен эфирге қайта оралдым. Қайырын берсін деп тілейік!" депті.

65 жастағы Нұртілеу Иманғалиұлы - тележурналистикасында ұзақ жыл жемісті еңбек етіп келе жатқан ардагер. Ол кеңестік қазақ телевизиясында "Көкпар" хабарымен танылды. Кейін "Хабарда" "Бетпе-бетті", одан соң "Қазақстанда" да сұхбат түріндегі бағдарламаларды жүргізді. «Қазақстан» РТРК» АҚ басқарма төрағасы болды.