"Қазақ тілді аудитория өте пассивный. Бұларға тек әнші-мәншілер мен ру, жерді айтсаң болды"


Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

"Су жаңа Президенттің айтқан сөзінен кейін Алматы облысы әкімі Амандық Баталов ағамыз Фейсбук желісіне қосылды. Бәрекелді!
Ал қалған әкімдеріміз қайда? Неге олар әлеуметтік желіге кірмейді?
Әлде мен көрмей отырмын ба? Қосылса, осында белгілеңіздерші. Түрлерін көріп қоялық бір. Әйтпесе, солтүстік, шығыстың әкімдерінің кім екенін де білмеймін.
Сосын, баспасөз xатшылар:
Министр, әкімдердің жанында жүрсіздер. Сіздер өзі барсыздар ма бұл жалғанда? Білем, менің жазбаларымды тығылып оқисыздар. Шын мәнінде жандарыңыз ашыса бастықтарыңызға, әлеуметтік желіде белсенділік танытар едіңдер. 
Неге мен "әлеуметтік, денсаулықтың" проблемасын шешіп, насиxаттауым керек?! Сіздер сол үшін ақша алып отырсыздар. Халық сауалдарын маған қояды. 
"21000 теңгені қалай аламыз? 12 апталық декретке шыққан анаға 400 мыңдай ақша береді деген рас па? Көп балалы Аналарға үй беріледі дейді, сол қаншалықты шын?" деп сұрауда. 
Пресс-службаның жігіттері мен қыздары, бері шығыңыздаршы! Осындай сұрақтарда аттарыңды айтып, тэгтеп шақырайын.
"Сен тимесең - мен тимен, бадырақ көз" болып отыра бермей!
Ps: Сосын осы біздің қазақтілді аудитория өте пассивный. Барлығы сырттан бақылап отырғанды жақсы көреді. Бұларға тек әнші-мәншілер мен ру, жерді айтсаң болды...Тағы келіп ренжитіндерін қайтерсің. 
Әу деп отырсаңыздаршы, үнсіз отыра бермей", - деп жазды Бибігүл Дәулетбекқызы.