Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үштілділік бағдарламасына қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли.
Мемлекет басшысы өңір әкімдерінің қатысуымен өткен кеңесте үкімет мүшелерінің баяндамаларын талқылай отырып, білім беру жүйесінің үштілділік бағдарламасын іске асыру мәселесіне назар аударды.
"Бұл – өте күрделі әрі маңызды мәселе. Менің ұстанымым, біріншіден, қазақ тілі болуға тиіс, орыс тілі болуға тиіс. Бұлардың балаларымыз үшін маңызы зор. Тек содан кейін ғана ағылшын тілін оқыту керек", – деді Қазақстан президент