Мемлекеттік тілде жауап бере алмайтын, үнемі «говорите по русский» деген сөздермен қарсы алатындардың бірінен ауыр сөз естігенін және кешкі беске дейін кешірім сұрамаса аштық жарияламақ, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.
Қоғам белсендісі Руза Бейсенбайтегі әлеуметтік желіде бұл туралы былай деп жазған:
Қазақтар! Шыдамым жетті, осыны көзімді жасқа бұлап әзер жазып отырмын. Бүгін, таңертең ұлттық экспертиза бөлімінің, лабораториясында, басшысы Биляловқа барғанымда 10-15 минут говорите по-рюзки деп менің алдымда әйнектерін тарс жауып ұстап тұрды. Әрең дегенде ар жағынан біреу келді де, шаруамды айтым. Кері қайтқанда бұрынғы «Ласточка» базары, қазір «производственное объединение лидер» ғой деймін, соған кірдім, тамақ алмаққа. 1,5-2 айдың төңірегінде 3-4 рет келіп тұруым. Ылғи қазақша емес музыка бағамдары тек РФ тілінде, - деп жазыпты қоғам белсенді.
Ал қатты қорланғанына себеп болған жайтқа аталған мекеменің директорымен болған кикілжің екен. Тіл жанашыры үнемі орыс әндерінің ойнап тұрғанына ескерту жасамақ болған.
Павел деген директорларына кез болдым. Айтарымды айтқаннан кейін, рюски никто не отменял, у нас 2 языка?!, вы националистка, вы мешаете работать вас с силой вывести отсюда либо сами выйдете отсюда дегенен кейін шығып кеттім. Қорланғаным сонша, аштық жариялайын деп отырмын... Басқа жол қалмады, дейді Руза Бейсенбайтегі.
Руза ханым енді әлгі Павел сағат кешкі 17.00 – ге дейін кешірім сұрамаса қалалық әкімшілік алдында аштық жариялайтынын мәлімдеді. Ал полиция ұстап әкетсе, қамауда жатып жалғастыра бермекші.
Мен керек десеңіздер, өзімнің өлімім арқылы бүкіл дүние жүзіне маргинал, құбыжық қазақ билігін көрсетіп, қазақ тіліне халықаралық араша сұраймын. Мұл нағыз дискриминация! Неше жыл төзіп келемін ғой, енді төзбеймін,- дейді тіл жанашыры.