«Soyel kz» интернет-порталына кірген әр қолданушы дәл осындай қазақ әндерін тыңдап, бейнекөріністер тамашалай алады. Термин сөздерді қысқаша түсіндіретін аудиожазбалар да бар. Өлең шумақтары қарапайым. Тілді үйренушілерге оңай болуы үшін 6 жастағы баланың тақпақтары ұсынылып отыр. Әзірге сайтқа 20 сабақ орналастырылған. Айта кетсек, сайттың ашылуына қолдау көрсеткен Тұңғыш президент қоры.
Азат Шауеев, Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры:
-Біз қоғамдық ұйымбыз бюджеттен бір тиын ешкім бөлмейді. Өзіміз іздеп жанашыр адамдардан қаржы алып солардан бөлінген ақшаны алып, аз ғана қаржымен осындай деңгейде жасадық. Алда да жалғастырамыз деп ойлаймын.