«Тәрбие басы - тал бесік», демекші, Елбасының тапсырмасына сәйкес қазір барлық жерлерде балабақшалар ашылуда. Олардың басым бөлігі қазақ тілді. Себебі, қазақ тілінде тәрбие беретін балабақшаларға сұраныс өте көп онымен бірге, балаларын қазақ топтарға беріп жатқан өзге ұлт өкілдерінің саны да арта түсуде. Алайда, бұл салада жетістіктермен қатар, проблемалар да жетерлік. Атап айтсақ, қазақ тілді тәрбиешілердің арасында бесік жырын, батырлар жырын айта алатын музыка пәнінің мұғалімдері мүлдем жоқ десе болады. Қазақ тіліндегі мультфильмдер нотасымен біріліп отырғаны бір жағынан болса екіншіден, балаларға арналған қазақша әндер жинағы мен ертегілер өте аз», - дейді ол.
Н.Смолиннің айтуынша, қазір ертегі кітаптарын шығару үрдісінде қандай да болса жылжу бар болғанымен, олардың мазмұны балалар үшін өте ауыр, әрі сөздері күрделі.
«Қазіргі уақытта әжелеріміз де немерелеріне ертегі айта қоймайды. Кезінде Б.Момышұлы мен үш нәрседен қорқамын деген: «Бірінші - баласына бесік жырын айтпаған анадан, екінші - ертегі атйпаған әжеден, үшінші - бір-бірімен қазақша сөйлеспеген қазақтардан».
Студент жас сондай-ақ, мемлекеттік тілдің мектептергі жағдайына да тоқталып, басқа тілдерде білім беретін оқу орындарында қазақ тілі пәнін ғана емес сонымен қатар, тарих, ән-күй және тағы басқа да пәндерді мемлекеттік тілде жүргізу қажеттігін айтты. Оның ойынша, тәрбие жұмыстарын қазақша жүргізсе, бұл тілде сөйлеу жастар арасында сәнге айналар еді.
«Меніңше, қазақ тілінде сөйлеуді жастар арасында сәнге айналдырудың тетіктерін ойлап табуымыз қажет», - деді.