“Қазақ тілінің қайғысын айтсаң, мойныңа “популист” деген ит-қарғы тағылатын болыпты” - Светқали Нұржан


Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Біздің “жаңа қызықстан” үшін - әруағыңнан айналайын Қасиетті Қазақ тілінің қайғысын айтсаң, мойыныңа “популист” деген ит-қарғы тағылатын көрінеді! Ендеше мен сол “қарғыны” тақтым мойыныма Бойтұмар қылып! Ол Тұмар өлгенімше - мойынымда, өлгесін де қойынымда болады, иншАлла! Шешіп ала алмассыңдар, мойыныммен бірге кесіп алмасаңдар! Кесіп алған күнде де ол бейітімдегі Айға айналып, ұлтсыздарға улы сәулесін шашып бағар!", - деп жазды Светқали Нұржан.