Бұл туралы журналист Қуандық Шамахайұлы әлеуметтік желіде жазды, деп хабарлады Caravan.kz медиа-порталы.
Ондай данышпанды таба қоюлары екіталай шығар. Моңғолша жетік білетін орысты Қазақстаннан табуың қиындау болар, деп жалғастырады белгілі журналист.
Ал, маған хабарласқан бірлі жарым жандарға өз басым "орысша білмейтінімді" принципті түрде әдейі алға тартып отырмын (орысша білуін білсем де). Себебі, мен үшін ана тілімнің ары қымбат. Өздерінің мемлекеттік тілдеріне аса құрметпен қарайтын моңғолдар жағы орысша біліп тұрса да ләм-им ауыз ашпасы айдан анық. Келіссөздер мен кездеулерді ағылшын тілінде өткіземіз десе, олар "бәрекелді" деулері мүмкін. Ал, орысшаңа олар пысқырып та қарамайды. Ең дұрысы, біздің үкімет кабинетінің өз мемлекеттік тілінде іс жүргізгендері оң болар еді. "Сырт көз сыншы" деген бар емес пе? Ұят қайда, орысшаны мәртебе санайтын, өз мемлекеттік тілін менсінбейтін қазақ үкіметі?!, - деп жазды журналист.