Қазақ ұлттық консерваториясының музыканттары Шымкентте Тәуелсіздіктің 20 жылдығына концерт берді

Әртістер бұл шараны ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арнады.

Классикалық музыка әуесқойларының алдында симфониялық оркестр, камералық оркестр, домбырашылар ансамблі, «Бабалар сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблі және жеке орындаушылар - Қазақстанның халық әртісі, консерватория ректоры Жәния Әубәкірова (фортепиано), студенттер мен магистранттар, халықаралық конкурстардың лауреаттары өнер көрсетті.

«Концерттік бағдарламаға батысеуропалық классиканың үздік үлгілері, сондай-ақ қазақтың халық әуендері енгізіліп отыр», - деді Жәния Әубәкірова.

Шымкенттен кейін музыканттар Таразда және Қызылордада өнер көрсетуді жоспарлап отыр.