Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Бүгінгі видеоны биліктегі ағалар көрсін!
Қазақ жігіттерінің құнын осылай жүз сомға түсірген!
Тепсе темір үзетін жігіттер осылай парковкаларды күзетіп, ақша төлемей чек сұрасаң қарғап сілеп, өзіңмен ұрысып кетеді. Ол бәріміздің басымыздан өткен, “100 теңге ге қадалып өл машинаңмен” дегенді естігенмін!
Бұл біздің ер азаматтардың бейшаралық деңгейге дейін түскендігінің айқын көрінісі!
Көпке топырақ шашпаймын, бәрі демеймін, бірақ қазақтың ер азаматтары қатты майдаланып кетті...
Видеоны көріп намыстандым, тіпті жылағым келді.
Бір нәрсе жазсаңызшы дейді, не жазамын айтыңдаршы?
Қазақтың жерін 100 теңге ге жалға беріп жүргендер өз өздерін қорғай алмапты деп жазайын ба?
Ол жер мемлекеттікі, яғни әкімдікке қарасты жер!
Оны жалға беріп отырған, олардан ақша жинатып отырған да әкімдік, солай емес пе?
Өз құндарыңды біліңдерші Қазақ жігіттері!Намыс қайда?", - деп жазды Айгүл Орынбек.