Шабуыл түнгі сағат екілер шамасында болған. Оқ атушылар өткізу бекетіне көлікпен келген. Бұл туралы Шортанды ауданының прокуратурасы мәлімдеді.
Прокуратура мәліметіне сәйкес, бұл кезде бақылау-өткізу бекетінің ғимаратында екі күзетші болған. Олар зардап шекпеді, бірақ оқ терезенің жақтауын зақымдап, әйнегін сындырған.
Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қаскөйлер іздестірілуде.