«Қазақфильм» киностудиясы жаңа фильм түсіруде

Кеше Алматыдағы соңғы түсірілім күнін аяқтаған түсіруші топ енді Қордай, Шуға қарай бет алады. Олар онда күзге дейін болмақ, деп хабарлайды «Қазақфильм» АҚ баспасөз қызметі.

Қысқаметражды фильмнің қоюшы-режиссері - Жасұлан Пошанов. Фильм сценарийі болған оқиға ізімен жазылған. Онда жас жігіттер ауылдағы достарын үйлендірмек болып бір қалалық қызды алып қашады. Негізгі оқиғалар осы желі бойынша жүреді.

«Бұл ремейк. Фильм жобасы бәрімізге ұнағандықтан оның сценарийі алғашқы нұсқасынан көп өзгере қойған жоқ. Тек бірер комедиялық көріністер қосылды», дейді режиссер.

«Қазақфильм» АҚ-ның президенті Ермек Аманшаевтың айтуынша, қазір өндірісте барлығы 22 толықметражды, 30 шақты қысқаметражды, 7 анимациялық картина, елу сериялы мультфильм және «Ер Төстік» ертегісі қоры бойынша толықметражды анимациялық лента бар. «Қазір киностудия кинематография өнері бойынша әр түрлі кеңейтілген спектрлық жанрларда жұмыс істеуде.