“Қазақфильм”: “Қызғылт қоян туралы хикая” фильмінің түсіру жұмысы аяқталды

Фильм Алматы қаласының жоғарғы оқу орындарының бірінде 3-курста оқитын Ерлан деген жігіт туралы. Ол Алматыға мақсатына жетіп, өмірде өз орнымды табамын деген үмітпен келеді. Бірақ ол тап болған орта бұл жердегі өмірдің оңай емес екенідігін көрсетеді. Автор Фархат Шариповтың айтуынша, ол жалпы Алматы жастарының өмірі туралы фильм түсіруді мақсат тұтқан. Голливудта тәжірибеден өткен жас режиссердің алғашқы туындысы тамыз айының аяғында көрерменге ұсынылады.

Фархат Шарипов, режиссер:
- Біз аяқтаған жұмысымызды көрсетіп, бар пікірлерді қабылдауға дайынбыз. Біз үшін көрермен пікірі ең маңызды.