"17 маусымда Берлин қаласында "Шығыс және Орталық Еуропа" бірлестігінің аясында Қазақстанмен ынтымақтастық жөніндегі жұмыс тобының алғашқы отырысы өтті", - деп атап көрсетілген баспасөз баянында.
Хабарламада OMV құрамына Германияның 300-ден астам ірі және орта кәсіпорындары кіретіні айтылған. Олар Шығыс және Орталық Еуропа мен ТМД елдерінде экономикалық ынтымақтастықты белсенді дамытып отыр.