«Қазақмультфильм» Ұлттық анимация студиясы құрылды

Қауымдастық президенті Ғали Мырзашевтың айтуынша студияның құрылуына басты себеп, міне 50-жыл бойы еншісін алып, отау тіге алмай жүрген осы өнер бүгінгі бала, ертеңгі ел азаматын тәрбиелеуде өз үлесін толыққанды қоса алмауда. Бұл Қазақ анимациясының атасы, рухани әкесі Әмен Қайдар ақсақалдың кәсіби, азаматтық арманын іске асыру.

Студияның мақсаты мен межесі анимация өнерінде продюссерлік, менеджерлік мәдениетті дамыту және жастарды оқуға баулитын орталықтар ашуға атсалысу.