"ҚазақМұнайГаз" ҰК " ЖАҚ 2006-жылы мұнай өндіру көлемін 31 процентке арттырады

Ұ.Қарабалиннің айтуынша, "өнім өндіру ауқымын арттыру, активтер құрылымын өзгерту және инвестициялық бағдарламаларды жүзеге асыру нәтижесінде салық төлемдерін 5 процентке жеткізу көзделіп отыр. Нәтижесінде салық төлемдері 72 млрд. теңгеге жетеді".

Сондай-ақ, Ұ.Қарабалиннің хабарлауынша, "қазіргі жағдаймен Қазақстан бойынша өндірілген жалпы мұнай және газ көлемінің 16 проценті "ҚазақМұнайГаз" ҰК " ЖАҚ-ның үлесінде". Ал 2002-жылы "ҚазақМұнайГаз" ҰК " ЖАҚ өндірген жалпы мұнай көлемінің 2 млн. тоннасы ішкі рынокта сатылса, алыс және жақын шетелдерге 5,3 млн. тонна мұнай шығарылды,- деді ол.
Қазіргі таңда , Ұ.Қарабалиннің айтуынша, "компания жоғары дамыған тасымал инфрақұрылымын иемденеді. Атап айтсақ, 2002-жылы Самара бағытындағы құбыр жүйесімен 14 млн. тонна, КТК жүйесі арқылы 12 млн. тонна мұнай тасымалданды. Жалпы мұнай құбырларымен тасымалданған мұнай көлемі 32,8 млн. тонанны құрады".