"ҚазақМұнайГаз" Ұлттық компаниясында жаңа тағайындаулар жасалды

Айталық, Асқар Сманқұлов "ҚазақМұнайГаз ҰК" ЖАҚ-ның президенті аппаратының басшысы болып тағайындалды.

А.Сманқұлов 1964-жылы туған. Қазақ политехникалық институтын "Машина жасау технологиясы" мамандығы бойынша бітірді. Экономика ғылымдарының кандидаты. 2002-жылдың қыркүйегі мен 2004-жылдың қаңтары аралығында "ҚазТрансОйл" ЖАҚ-ның бас директоры (басқармаларының төрағасы) болып істеді.
Осы уақытқа дейін "ҚазақМұнайГаз" ЖАҚ президентінің аппаратын басқарып келген Ермек Көшербаев "Рауан медиа Групп" АҚ-ның бас директоры міндетін атқарушы қызметіне тағайындалды.
"ҚазақМұнайГаз ҰК" ЖАҚ-ның экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры қызметіне Айдан Кәрібжанов тағайындалды. А.Кәрібжанов 1971-жылы туған. КСРО СІМ-нің Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын "халықаралық экономикалық қатынастар" мамандығы бойынша бітірді. 2001-2004 жылдар аралығында "VISOR Investment Solutions" ЖШС-інің басқарушы директоры болған.
"ҚазақМұнайГаз ҰК" ЖАҚ-ның экономика және қаржы жөніндегі бұрынғы басқарушы директоры Данияр Берлібаев "Қазтеңізтасымалфлоты" ЖАҚ-ның бас директорлығына тағайындалуға байланысты бұрынғы жұмысынан босатылды.
"ҚазақМұнайГаз ҰК" ЖАҚ-ның Бірлескен кәсіпорындардағы үлестерін басқару жөніндегі басқарушы директоры болып Данияр Әбілғазин бекітілді. Д.Әбілғазин 1969-жылы туған. КСРО МҚК-нің Жоғары мектебін "радиобайланыс инженері" мамандығы бойынша тәмамдады. 2002-жылдың наурызы мен 2004-жылдың қаңтары аралығында Каспий қаржы-өнеркәсіптік тобының вице-президенті болды.
"ҚазақМұнайГаз ҰК" ЖАҚ-ның Бірлескен кәсіпорындардағы үлестерін басқару жөніндегі басқарушы директоры Бақтықожа Ізмұхамбетов ҚР энергетика және минералды ресурстар министрінің бірінші орынбасарлығына тағайындалуға байланысты жұмысынан босатылды.
"ҚазақМұнайГаз ҰК" ЖАҚ президентінің 2004-жылғы 5-қаңтардағы бұйрығымен "ҚазақМұнайГаз" ЖАҚ ақпараттық технологиялар департаментінің атқарушы директоры болып Сейітжаппар Артығалин бекітілді. С.Артығалин 1971-жылы туған. М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін "қолданбалы математика" мамандығы бойынша бітірді. 2003-жылдың наурызы мен 2004-жылдың қаңтары аралығында "KazTransCom" ААҚ бас директорының бірінші орынбасары болған.
Осы уақытқа дейін "ҚазақМұнайГаз" ЖАҚ ақпараттық технологиялар департаментінің атқарушы директоры қызметін атқарған Мұрат Әбдірахманов "KazTransCom" ААҚ-ның бас директоры болып тағайындалды.