«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-нің ШҚО-дағы Юбилейно-Снегирихин кенішінде шахтадағы тіреулер орнататын 3 жұмысшының үстіне тау массасы опырылып түсті.
Олардың екеуі құтқарылды, біреуі алған жарақаттарынан қаза болды.
Оқиға орнына шұғыл түрде облыс әкімінің орынбасары, ШҚО бойынша ТЖД басшысының орынбасары, Глубокое ауданының прокуроры, Глубокое АІІБ-нің тергеу тобы аттанды.
«Аталған факті бойынша прокуратура із қозғады. Оған қоса, еңбек заңдылығының сақталуына қатысты тергеу жүргізілуде», - деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз қызметінде.
Бұл жыл басталғалы бері ШҚО-дағы «Қазақмыс» корпорациясының бөлімшесінде орын алған үшінші адам өлімі. Бұған дейін «Ертіс» және «Артемьев» кен орындарында 2 адам ажал құшқан еді.