«Қазақмыс» кенішінде өрт шықты, 155 адам қауіпсіз жерге көшірілді


Сағат үште тіркелген тілсіз жау жарты сағаттан соң тоқтатылды. Тілсіз жауды ауыздықтауға ҚР ТЖМ «Апатттық құтқару қызметінің әскери кәсіби мамандандырылған орталық штабы» РМКК 4 техникасы мен жеке құрамының 24 адамы жұмылдырылды. 125 шаршы метр аумақты жалын жайпады. 155 адам қауіпсіз жерге шығарылды. Өрт салдарынан кен орнындағы жұмыс 2 жарым сағатқа тоқтатылды.