"Қазақмыс" кенішінде панель құлау салдарынан екі адам мерт болып, екі адам жараланды

Министрліктің түсініктемесіне сәйкес, ауаның жойқын толқыны панель құлау салдарынан түзілген. Бұл оқиғадан электрослесарь мен бұрғышының көмекшісі жан тапсырып, хронометражист пен тау-кендік бақылаушы инспектор ауруханаға жатқызылды.

Сонымен бірге апат ескі кеніш орнындағы жер қыртысының отыруына алып келуге байланысты сол маңға таяу орналасқан 6 жай үйдің тұрғындары басқа жаққа көшірілді.