"Қазақмыс" корпорациясының бір шахтасында қопарушы қаза тапты

Қайғылы оқиға 11-қаңтарда "Южный" кенішінде 7 сағат 25 минутта болған. Шахтаның жабыны құлау салдарынан 38 жастағы қопарушы жарақаттанып, қайтыс болды. Қаза тапқан адамның мәйітін шахта жұмысшылары жер бетіне шығарды.