2005-жылдың қаңтар-тамыз айларында "Қазақмыс" корпорациясының барлық өндірістік көрсеткіштері дерлік өсті. Тек тазартылған мыс пен мыс катанкасын өндіру мөлшері ғана кеміп, тиісінше 263,3 мың және 6,5 мың тоннаны құрады. Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, мыс және мыс катанкасын өндіру мөлшерінің кемуіне корпорацияның кедей кендерді өндіруге ден қоюы түрткі болды. 8 айда 26 млн. тонна кен өндірілді. Ал 2004-жылдың қаңтар-тамыз айларында 23,6 млн. тоннаны құраған.
Тазартылған мұнайдың 40 проценті Қытайға, қалған бөілігі Еуропаға шығарылды. Металл түріндегі мырыш түгелдей Қытайға жөнелтілді.
2005-жылдың 8 айында корпорация өндірген тауарлық өнім мөлшері 140,3 млрд. теңгені құрады. Бұл былтырғы осы мерзіммен салыстырғанда 19,6 процентке артық.