«Қазақмыс» соңғы жылдары өз қызметкерлерінің еңбекақыларын өсірген осы саладағы санаулы компаниялардың бірі. Мәселен, 2012 жылы жұмысшылардың еңбекақысы орта есеппен 30 пайызға өсірілген. Сөйтіп, компания өндірісшілерінің еңбекақы деңгейі осы сала бойынша ең жоғары болып отыр.
«Теңге бағамының өзгеруі біздің қызметкерлеріміздің де алаңдаушылығын тудырды. Біз қабылданған шешім олардың отбасыларына демеу болады деп сенеміз. Қазақстандағы кәсіпорындарымызда шамамен 55 000 адам жұмыс істейді. Олардың басым бөлігі тікелей өндірісте еңбек етеді. Компания қашан да өндірісте жұмыс істейтін қызметкерлері үшін әділ жалақы төлеу саясатын ұстанады», - деп мәлімдеді «Қазақмыс» тобының басқарушы директоры Олег Новачук.