Қазақмыс шахтасында бір жұмысшы кен үйіндісінің астында қалып қаза тапты

Министрліктің ақпаратына сәйкес, "Қазақмыс" АҚ-ына қарасты №55 шахтадағы кен айдайтын қондырғыны тексеру барысында кен үйіндісі құлаған.

Қаза тапқан жұмысшының денесін шахтадағы кеншілер үйінді астынан шығарып алды.