«Қазақмыстың » жұмысшысы тау-кен үйіндісінің астында қалып мерт болды


Жексенбі, 5 маусым күні таңертеңгі сағат 5.40-та Жаңарарқа ауданындағы «Қазақмыс» корпорациясының «Жазқазғантүсмет» өнеркәсіптік бірлестігі, «Жомарт» кенішінің №6 учаскісіндегі 49/15 камерасында өндірілген тау-кен үйіндісі құлап, салдарынан 41 жастағы жарушы-жүргізуші басына жарақат алып, оқиға орнында көз жұмды.