Қазақ-қырғыз шекарашылары екі елдің шекарасын әуеден бақылайтын болды


Қырғызстан Мемлекеттік шекара қызметінің хабарлауынша, Қырғызстан МШҚ төрағасы Райымберді Дүйгенбиев кеше Астанада Қазақстан ҰҚК төрағасының орынбасары, ШҚ директоры Дархан Ділмановпен кездесті.
Делегациялар қазақ-қырғыз шекарасын әуеден бірлесіп бақылау және келер жылдың басында оқу-жаттығу өткізу жөнінде келісті.