ҰҚК Шекара қызметі хабарлағандай, «Шевролет-Нива» көлігімен Қырғызстаннан Ресейге бет алған 52 жастағы ресейлік «Қарасу» кедендік бақылау бекетінде қолға түскен.
«Тексеру барысында автокөліктің газ толтыру жүйесінен жалпы салмағы 25 келі героин, 3 келіден астам гашиш табылды», - делінген хабарламада.
Қазір аталған факті бойынша тексеру жүріп жатыр.