Қазақ-қырғыз шекарасында 60 тонна контрабандалық тауар ұсталды

елімізге үлкен көлемде халық тұтынатын тауарларды заңсыз түрде алып өтуге тырысқан Қазақстанның 4 азаматын ұстады.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі баспасөз қызметінің хабарлауынша, төрт бірдей «КамАЗ» жүк көлігіне шекаралық тексеру кезінде шекарашылар 60 тонна жүктің жалған құжатпен өткелі тұрғандығын анықтады. Жүктің жалпы бағасы 9 646 000 теңге болып шықты. Негізінен аяқкиімдер.  

Аталған дерек бойынша материалдар Жамбыл облыстық мемлекеттік кіріс департаментінің экномикалық тергеулер қызметіне берілді.