Қырғызстан шекара қызметінің өкілдері мәлім еткендей, бұл жерде жағдай қалыпты, бір сағатта орташа алғанда екі жүк көлігі өткізілуде.
Сонымен қатар, жақын жерде ана мен балаға арналған жылумен жабдықталған медициналық көмек көрсететін шатырлар орналасқан. Медқызметкерлер мен ТЖМ қызметкерлері де кезекшілікте тұр.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін бірқатар БАҚ-та қазақ-қырғыз шекарасында үлкен
кептеліс пайда болғаны туралы ақпарат тараған.