Қырғызстан азаматы Қазақстан Республикасынан $85 мың долларды заңсыз шығармақшы болған.
"Қордай" бекетінде кеден және шекара қызметкерлерінің бірлесіп өткізген тексерулері кезінде "Фольксваген" көлігінің алдыңғы орнында қара полиэтиленді пакеттің ішінен заңдастырылмаған валюта табылды. Валюта контрабандасы дерегіне қатысты тергеу алдындағы тексеру жүргізіліп жатыр ", - деп хабарлайды Жамбыл облысы бойынша кедендік бақылау департаментінің баспасөз қызметі.