Қазақ-қырғыз шекарасында заңсыз жолмен тонналап спирт өткізетін құбыр табылды


Құбыр Шу өзенінің түбімен жүргізілген. Кәдімгі пластмасс шланг арқылы Қазақстаннан Қырғызстанға спирт жіберіліп отырыпты. Өйткені бізде көрші елге қарағанда спирт әлде қайда арзанырақ екен. Бір қызығы шекара заставасынан дәл иегінің астында жатқан құбырды ел шебін қорғайтын сақшылар да байқамапты. Алдына ала болжам бойынша, осы құбыр арқылы ондаған тонна спирт тасымалданған көрінеді. Ал оның иесі әлі табылмады.