Қазақ-қытай шекарасында ұялы телефондарды заңсыз өткізбек болған Қазақстан азаматшасы ұсталды

 Шекаралық бақылау кезінде 32 жастағы әйелдің сөмкесінен қазіргі заманғы 14 дана ұялы телефондар табылды. Қымбат телефондар ұстау актісі бойынша «Алтынкөл» кеден бекетінің қызметкерлеріне берілді. Аталған дерек бойынша құқыққорғау органдары хабарландырылды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі