Қазақ-Ресей шекарасында түсті металл контрабандасына тосқауыл қойылды

   20 тонна түсті металды контрабандалық жолмен әкету әрекеті тойтарылды. Бұл туралы республиканың Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Жайсан» шекаралық бақылау бөлімінің жасағы Қазақстаннан еліне жүк көлігімен құймалар мен цилиндрлер түрінде 20 тонна қалайы өткізбек болған Ресей азаматын ұстаған.

Жүкті шетелге өткізуге сертификат пен лицензия болмаған. Жүк құны 40 млн теңгеге жуық.