Қазақша күрес бойынша «Еуразия Барысы» халықаралық турнирі әлемнің 120 елінде көрсетіледі

Қазақша күрес бойынша «Еуразия Барысы» бірінші халықаралық турнирі 7 желтоқсан күні «Тараз-Арена» спорт сарайында өтеді. Турнирді «Қазақстан» ұлттық арнасы, Ресейдің «Боец» халықаралық телеарнасы, сондай-ақ, «TRT AVAZ» түрік телекомпаниясы әлемнің 120-дан астам еліне тікелей эфирден көрсетпек», - деп хабарлады Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы Гамлет Қайнарбеков.

Жобаны ұйымдастырушылар - «Қазақстан Барысы» қазақша күресті дамыту қоры, «Астана» ПКСК, Жамбыл облысының әкімдігі, ҚР Қазақша күрес федерациясы. Бас демеушісі - «Самруқ-Қазына» ҰӘҚ» АҚ. Ресми демеушісі - «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ. Сондай-ақ, «SAT & Company» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ, «Қазфосфат» ЖШС турнирдің демеушілері және әріптестері болып табылады.


Жоба идеясының авторы - Арман Шұраев.