Қоғам белсендісі «Нұр Әлемде» орналасқан бұл роботтың қазақша сөйлемегеніне ренжулі.
«Қазақша сөйле. Мені мақтағаныңды қойшы, мемлекеттік тілде сөйле. Ұятың жоқ сенің. Қазақстанды сыйламайсың ба?», - дейді ол видеода.
Робот болса, сонда да ресми тілде сөйлеп, Оғыз Доғанды ашуландырды. Ал жасанды интеллектіні қазақша сөйлете алмаған блогер оның үстінен сотқа шағым түсіретінін айтты.
Ақпарат көзі:
Sn.kz