12-тамызға дейінгі мәліметтерге қарағанда, елімізде 1 млн 160 мың 600 тонна астық бастырылды. Ауыл шаруашылық министрлігінің хабарлауынша, биыл егіс алқабының әр гектарынан 16,5 центнерден өнім алынды.
«Еліміздің оңтүстік, батыс және шығыс аймақтарында житын-терім үлкен қарқынмен жүріп жатыр. Облыстық ауыл шаруашылық басқармаларының хабарлауынша, 12-тамызға дейін диқандар 704 мың 700 гектар алқаптағы егінді жинап алған. Бұл жалпы егіс алқабының 30,2 пайызы. Аталған егіс алқабынан 1 млн 160 мың 600 тонна астық жинап алынды. Жалпы, биыл әр гектардан 16,5 центнерден өнім алдық», - делінген ведомство хабарламасында.
Аталған уақытқа дейін диқандарға арнап 111 мың тонна дизель отыны жөнелтілген.
Министрліктің болжамынша, биыл ел қамбасына таза салмақпен 16,3 млн тонна астық құйылуы тиіс.