"2005 жылы басталған бұл толқын әлі күнге дейін жалғасын табуда, ол мүмкін 2016 жылға дейін созылады, одан кейін де жалғасуы ықтимал", деді Е.Орынбаев Астанада сәрсенбіде президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде баспасөз мәслихатында.
Ол атап өткендей, 2004 жылы 270 мың бала туылса, 2005 жылы - 279 мың, 2006 жылы - 302 мың, 2007 жылы -322 мың, 2011 жылы - 372 мың.
"2013 жылдың тоғыз айының нәтижелері бойынша да осы қарқын. Бүгінде еңбек рыногы 1990-2000 жылдардағы дағдарыс есепті бала туу көрсеткіші төмен болғандықтан қолайлы болып отыр. Бірақ бұл беби-бумерлер 2023 жылы еңбек рыногында прблема туғыза бастайды", деді премьердің орынбасары.
Ол сондай-ақ халықтың қалаға тым көп көше бастауын да атап өтті.
"Халық қалаға қоныс аударуда, қалаларда 9,4 млн адам тұрады, бұл халықтың 55%. Алдағы 20 жылда бұл цифр 10% артпақ", деді Е.Орынбаев.