Қазақстан 123 елге өңделген тауар экспорттауда – министр

Бұл туралы Baq.kz тілшісі хабарлайды. 

«Биыл экспорттың оң тенденциясы байқалады. 2018 жылдың екі айындағы деректер бойынша экспорт 8,8 млрд АҚШ долларынан асты. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 27,4%-ға артық. Ал өңделген тауарлар экспортының географиясына 123 ел кіреді. Негізгі тауарларды өткізу нарығы Қытай, Еуразия экономикалық одақ және ЕуроОдақ елдері кіреді. Экспортты ілгерілету үшін мемлекет қаржылай және сервистік көмек көрсетеді. 2010-2017 жылдары экспорттаушыларды қаржылық сақтандыруға 112,6 млрд теңгеден астам сомада қолдау көрсетілді. Олар, сондай-ақ, экспорттық-саудалық қаржыландыруға 14,7 млрд теңге және экспорт алдындағы қаржыландыруға 5 млрд теңге көлемінде қолдау алды», - деді министр.

Сонымен қатар, Жеңіс Қасымбек жыл сайын елімізде 40 астам экспорттаушыға қаржылау қолдау көрсетілетінін атап өтті.

«Шикізаттық емес экспорттың үлесін ұлғайту мақсатында қолданыстағы кәсіпорындарды жаңғырту мен экспортқа бағытталған жаңа өндірістерді іске қосу есебінен мүдделі құрылымдармен бірге нақты жұмыстар жүргізілуде. Өздеріңіз білетіндей, 2017 жылы сыртқы нарыққа сегіз жаңа өнім шығарылды. Сыртқы нарыққа 7-8 жаңа өнім шығару бойынша 2015 жылдан бері тұрақты тенденция сақталып келеді», - деді ҚР ИДМ өкілі.

Оқи отырыңыз:

Депутат жалақысы аз колледж мұғалімдерінің мәселесін қозғады

Бұл қалай? Жаңадан тағайындалған Экономика вице-министрі мектепті бітіре сала ұлттық компанияда жұмыс істеген

«Бәйтеректің» қасына қой жайған қостанайлық жазаланды