Қазақстан 15 млрд. доллардың тауарларын экспортқа шығара алады

Қазір екінші деңгейлі банктердегі салымдар көлемі еліміздің Жалпы ішкі өнімінің 60 процентіне теңесті, ал жеке меншік зейнетақы жүйесіндегі қаржы көлемі 7 млрд. доллардан асты.

"Бүгінде Қазақстан қаржының басым бөлігін Ресейге, Украина, Кавказға, орталықазиялық елдеріне инвестиция ретінде салып жатқанын біз қолдаймыз", - деп атап көрсеткен Елбасы елдің алтын-валюталық қоры Ұлттық қордағы резервті қосқанда 25 миллиард долларға жететінін айтты. "Бұл - ТМД-дағы ең жоғарғы көрсеткіш", - деп атап көрсетті Н.Назарбаев өз сөзінде.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті