"Еліміз үшін ең басты қатер - ғаламдық экономикада технологиялық тұрғыда артта қалу мүмкіндігі болмақ. Сол себепті біз алдағы 15-20 жылда мемлекетіміздің стратегиялық императиві технологиялық жаңалықтарды енгізу мен инновациялық жетекшілікке қол жеткізу болып табылатынын жадымызда ұстауымыз қажет",- деп мәлімдеді Н.Назарбаев.
"Қазақстан мемлекет ретінде шекараның ашықтығы мен халықаралық өзара тәуелділік ахуалында жұмыс істеуге дайын болуға тиіс. Мемлекет ғаламдық экономикалық талаптарға бейімделуге тиіс, мемлекет қатаң бәсекелестікке дайындалуға тиіс, сондай-ақ, барған сайын күшейте түскен бәсекелестікті ескере отырып өзінің басты функциясы - ұзақ мерзімді даму стратегиясын жасауды қамтамасыз етуге тиіс",- деді ол.
"Бейнелей айтсақ, қазіргі Қазақстан - инновациялық Қазақстанға айналуға тиіс. Қазіргі экономикалық өсім ахуалында біз экономикамызды, мемлекеттік құрылымдарымыз бен инфрақұрылымымызды таяудағы 15-20 жылда қайта құрып үлгеруге тиіспіз",- деді Н.Назарбаев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті